37 млн теңге ұрлады деп айыпталған БҚО-дағы Қазпоштаның екі қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, олар 7 жылға сотталған.
Ресми мәліметке сәйкес, олар Қазпошта ЖШС шотына өткізген ақшаны төрт жыл бойы ұрлап келген. Бұдан бөлек 2013-2020 жылдар аралығында құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңгедан астам қаражатын иемденіп алған.
Сот үкімімен оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.