Қытай төрағасы Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді

/image/2022/09/12/crop-4_4_269x478_242cc9d-china.jpg

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда. 

"Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр" делінген Ақорда ақпаратында.

Бұған дейін қазан айында Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келетіні хабарланған. 

Связанные Статьи