Қайрат Боранбаевтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

/image/2022/09/26/crop-21_13_490x871_u1cvdnnuvd5km3rzkjrrtntsabytau5uvrtvvjwr.jpg

Астанада Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімін қазан айына дейін ұзарту туралы сот шешімі қабылданды. 

"2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген қалалық сот хабарламасында.  

Қайрат Боранбаев 17 наурызда квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен екі айға қамауға алынған. Оның қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылып келеді.

Связанные Статьи