Қырғыз-қазақ шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталған қос қазақстандық белсенді Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетова Бішкекте өткен сотта ақталып шықты. Бұл туралы белсенді, Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының жетекшісі Бесжан Төлеубекұлы хабарлады.