Даниал Ахметов қызметінен босатылды: ШҚО-ның жаңа әкімі кім?

/image/2023/06/16/crop-21_17_650x1155_648be6f4c6590405933339.jpg

Шығыс Қазақстан облысын 9 жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Оның орнына Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Облыстың жаңа әкімі Ермек Көшербаев осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі, 2019 жылы Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2018 жылы СІМ жауапты хатшысы қызметін атқарған болатын.

Связанные Статьи