Абай даңғылындағы көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады. 1 шілде сағ.00:00 мен 06:00 аралығында түнгі уақытта қозғалысты шектемей Абай даңғ автобус жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ал 1 және 3 шілде аралығында сағ.23:00 мен 06:00 аралығында Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы шектелетін болады. 2 және 3 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты троллейбус маршруттарының сызбаларына уақыта өзгерістер енгізіледі:
- №25 маршрут – Абай даңғ шығыс - Желтоқсан солтүстік - Гоголь шығыс – Орталық саябақ - Гоголь батыс - Наурызбай батыр оңтүстік – Абай даңғ батыс, одан әі маршрут бойынша;
- №11 және №19 маршруттары Абай даңғ шығыс - Желтоқсан солтүстік - Гоголь шығыс – Орталық саябақ – Гоголь батыс – Қалдаяқов солтүстік - Жібек жолы батыс - Пушкин оңтүстік - Гоголь батыс - Наурызбай батыр оңтүстік - Абай даңғ батыс, одан әі маршрут бойынша;
- №9 маршрут – Байтұрсынов солтүстік - Абай даңғ шығыс - Желтоқсан солтүстік - Гоголь шығыс – Орталық саябақ – Гоголь батыс – Қалдаяқов солтүстік - Жібек жолы батыс - Пушкин оңтүстік - Гоголь батыс - Наурызбай батыр оңтүстік - Қабанбай батыр батыс, одан әі маршрут бойынша.
Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.