Ақтөбе облысында 3 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды

/image/2023/07/12/1bd05f08-97d4-4b8d-935e-412b636bbced.jpeg

Ақтөбе облысында балалары қараусыз көшеде жүргені үшін 3 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды. 

Жыл басынан бері түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына 3 мыңнан аса кәмелетке толмаған жеткіншек жеткізілген. Заңды өкілінсіз кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс болғаны үшін 2 мың 734 ата-ана жазаға тартылып, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болғаны үшін 116 жасөспірім және оларға рұқсат берген 65 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, балаларына тәрбие жұмысын жүргізбегені  үшін 125 ата-анаға әкімшілік жаза қарастырылса, 81 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін сақтауға, олардың мінез-құлқына ерекше мән беруге, бос уақытын қалай өткізетінін қадағалауға шақырады.

Связанные теги :

Связанные Статьи