26 тонна ресейлік бидай қазақстандық өнім ретінде Орталық Азия елдеріне экспортталған.
Бұл туралы Қаржы мониториң агенттігі хабарлады.
Күдікті жалған шот-фактуралар арқылы Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстанға жалпы құны 1 миллиард теңгеден (2,2 миллион доллар) асатын 26 мың тонна ресейлік бидайды экспорттаған.
Тергеу амалдары күдіктінің халықаралық транзиттік тариф бойынша 460 млн теңге (1 млн доллар) тасымалдау төлемінен жалтарғанын анықтады.