25 қыркүйекте "Ашық НҚА" сайтында ТМД елдерінде орыс тілін қолдайтын және насихаттайтын ұйым туралы шартқа қол қою туралы құжат пайда болды.
Бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Ол оны 2021 жылдың желтоқсанында Ресей басшысы Владимир Путинмен әңгімелесу кезінде айтқан. 2022 жылдың қазан айында бұл идеяны ТМД-ның басқа елдері де қолдады.
Алайда жоба қабылданбады. Мұрағатқа кеткен құжатта тұрғындардың жағымсыз пікірлері бар. Қазақстандықтар орыс тілін дамыту идеясын сынға алып, бұл үшін мемлекеттік бюджетті жұмсауға қарсы екенін жеткізді.