Щучинскіде әскери колледж кадеті көз жұмды

/image/2024/02/14/crop-50_0_600x800_d051p65692-c6a3ccb6.webp

«Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген мнистрдік хабарламасында.

   ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан. Колледж Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттар дайындайтын негізгі орталық саналады.

Связанные Статьи