Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "101" қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елдімекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі.
Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.