Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы улы жәндіктер Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарының құмды учаскелерінде көбейгенін растады.
Осы аудандарда қарақұрттың уынан 397 түйе ауырып қалған.
– Шаққан малды емдеу, өтемақы бюджетке енгізілмеген. Дегенмен, жергілікті ветеринарлар емдеуді жалғастырып жатыр. Сондай-ақ ауру және өлген жануарлардан сынамалар алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді, - делінген басқарма хабарласында.
Сонымен қатар, шенеуніктер мал иелеріне улы жәндіктер жиі кездесетін жайылымдарда түйелерді, жылқыларды және сиырларды жаюдан бас тартуға және ауру белгілері бар жануарлар туралы жедел хабарлауға кеңес береді.