Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді.
Кассациялық шағымды қарау 2024 жылғы 8 тамызға белгіленген.
Айта кетейкі, Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Екінші айыпталушы Нұралы Қиясов та 18 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.