6 жылдан бері басқарған: Алматы облысы аудандарының бірінің әкімі ұсталды

/image/2024/09/04/crop-3_42_667x1185_full_1725427181b786699cd5867e1e4874500ec0cb9f96_webp.webp

Ақпаратты 4 қыркүйекте Сыбайлас кемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі растады.

Тергеу билік пен лауазымдық өкілетін асыра теріс пайдалану фактілері бойынша жүргізілмек.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әрекеті әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат таратуға жатпайтындығы айтылды.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарады. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Связанные Статьи