2025 жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.