LRT ісі бойынша мемлекетке құны бір миллиард теңгеге жуық нысандар мен жер телімдері қайтарылды

/uploads/thumbnail/20250409103910369_big.webp

Астана прокуратурасы LRT ісі бойынша сот актілерінің орындалуына талдау жүргізіп, мемлекет пайдасына құны 920 миллион теңгелік активтер қайтарылды.

Прокуратураның мәліметіне сенсек, "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" компаниясының) мемлекет, соның ішінде Астана қаласының әкімдігі тарапынан жалғыз құрылтайшы ретінде пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді. Қадағалау шаралары нәтижесінде борышкерлер мемлекет балансына 40 жылжымайтын мүлік берді, cоның ішінде:

39 тұрғын емес үй-жай;

Ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының қызмет көрсету мақсатындағы жер учаскесі бар.

Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 миллион теңге болды. Сонымен қатар мемлекеттің пайдасына құны 615 миллион теңге тұратын тағы 37 мүлік өндіріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

 

Связанные теги :

Связанные Статьи