Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дамир Қазиханов мен Нұрсұлтан Иманғазин адасып қалған шетелдік азаматқа көмек көрсетті.
Конор есімді америкалық азамат Монтана штатынан келген. Саяхат кезінде ол Орал қаласында бағытынан жаңылып қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу көмек көрсетіп, қажетті жеріне дейін жол сілтеді.
⚡️ Конор полицейлердің кәсібилігіне, сыпайылығына және жедел көмегіне ризашылығын білдірді.
https://t.me/POLICE_of_KZ/14494