Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20250415153210931_big.webp

"Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап спорттық-әуесқойлық балық аулауға арналған жолдамалар қайта іске асырылатын, алайда бірқатар шектеулер бар екендігін мәлімдеді.

Таратылған мәліметке сүйенсек, балық аулауға рұқсат етілген көлдер: Бурабай, Кіші Шабақты, Қатаркөл және Текекөл.

Алайда, бірқатар тыйымдар бар:

"Ұлттық парктің су айдындарында балықтардың уылдырық шашу маусымының басталуына байланысты және биоәртүрлілікті сақтау мақсатында келесі түрлерге балық аулау тыйым салынады: шортан мен көксерке – 15 сәуірден 15 мамырға дейін; тұқы – 20 мамыр мен 20 маусым аралығында",- делінген ақпаратта.

Бұл ережені сақтамағандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша 10-100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Связанные Статьи