Көлік министрлігі Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасы тарапынан "Камышановка" өткізу пунктінің атауын "Ақсу" деп ауыстыруды көздейді.
Бұдан бөлек, "Камышановка" өткізу пунктінің жұмыс тәртібін "тәуліктің жарық уақытынан" "тәулік бойына" ауыстырылады.
Сондай-ақ "Камышановка" және "Бесағаш" өткізу пункттерінің мәртебесін "екі жақтыдан" "көпжақты халықаралық" ретінде өзгертіледі.
"Жоба Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын, сондай-ақ тауар айналымыг ұлғайту және Орталыз Азия аймағы мемлекеттерінің туристік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытталған",- делінген түсіндірмеде.
Хаттама жобасын қабылдаудан алынған нәтижелер халықаралық шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде күтіледі.
Құжат 29 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.