Жәрмеңке өткізілді

/uploads/thumbnail/20170709111435767_small.jpg

 

        Өткен сенбі күні Жетісай қаласының орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауданымыздың әр өңірінен келген диқандар өз өнімдерін арзан бағада сатты. Аталмыш жәрмеңкеге аудан екімі Ғ.Исмаиловтың өзі қатысты. Нұрлыбаев ауыл округінің д и қ а н ы Д.Шойбеков: «Қарапайым халықтың бүгінгі жәрмеңкеге қ ы з ы қ қ а н ы сондай, менің өзім 40 қап картоп пен пиязды бір сағатқа жеткізбей сатып үлгердім» деді. Диқанның айтуынша, жәрмеңкеде пияз - 40, қызанақ - 90, қ и я р , қырыққабат, картоп  60 теңгеден сатылған. Бұл базар бағасымен салыстырғанда 10-20 теңгеге арзан.

Сондай-ақ Нұрлан есімді көсіпкер «Техас балы» кәсіпорнының әселін көпшілік назарына ұсынды. Жөрмеңкеде литрі 900 теңгеге бағаланған балдың да саудасы жүрді. «Әселдеріңіздің дәмі жақсы өрі таза екен. Емге де пайдаланып жүрміз деп жұмысымызға іздеп келіп, сатып алады. Бүгін де жақсы сатылып жатыр», - деді кәсіпкер. Жәрмеңкеге келген Анна Кудиярова: “Болгар бұрышын - 50, ащы бұрышты - 100 теңгеден сатып алдым. Біз секілді зейнеткерлерге осындай шаралар жиі ұйымдастырылса екен. 10-20 теңгенің өзі біздің қалтамызға кәдімгідей әсер етеді”, - деді. Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген отбасылар да бұл жәрмеңкеден шет қалмады. Әлеуметтік деңгейі төмен бірнеше отбасыларға көкөністер тегін таратылды.

Б.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА

«Мақтаарал» газеті, №42 2016

Связанные Статьи