Аудан, облыс мақташылары үшін жақсы жаңапық. ҚР ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарына сұйенсек, 2016 жылдан тұқым шаруашылықтарын субсидиялау ережесіне елеулі өзгерістер ендірілген. Естеріңізде болса, мемлекет элита мен екінші репродукциялы мақта шиттерін өндіруде субсидиялауды мүлдем тоқтатып, тек К-1-ге ғана қолдау көрсететін. Нәтижесінде, Мақтааралдың өзінде тұқым шаруашылықтарының саны кұрт кеміп, есепте тұрғандарының затынан гөрі аты ғана қалды. Шұғыл шаралар жұзеге асырылып, шет елдерден тұқымдық материалдар да жеткізіліп, оларды еккендерге басымдылықтар да белгіленді. Субсидиялау ережесіне енгізілген қосымшалар, шынтуайтына келсек, мақта шаруашылығындағы элиталық және тұқым шаруашылықтарына «екінші өмір» беріп, олардың аяққа тұруына себепші болатын тұрі бар. Сонымен, жаңа тапаптарға сәйкес, субсидиялау мөлшері 30-50-ден 70% дейін артқан. Селекциялық жетістіктер мемреестріне енген, Қазақстанда қолдануға ұсынылған және осы тізілімге енбеген сорттардың шиттерін өндіруде мемлекеттік қолдаудың мөлшерлері әртүрлі. Біріншілерінікі 70% құраса, екінші топтағы көрсеткіш - 30. Жоғары репродукциялы мақта шиттері мен өндірісшілерді толық қамтамасыз ету - бұл, әрине, саланы дамытудағы ең негізгі талап. Бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылады деген түрлі сылтаулармен субсидиялауды шегеру саланың тамырына бапта салумен бірдей еді. Көш жүре түзеледі демекші, мақташылар жағы алдағы кезде осындай волюнтаристік шешімдер қабылданбаса екен дейді. Өңірде орналасқан мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жоғары сапалы отандық, аудандастырылған мақта сорттарын шығаруда белгілі деңгейді қамтамасыз етіп отыр. Алдағы кезде ҒЗИ флагман ретінде қайта құрылған тұқым шаруашылықтарымен бірлесе отырып жоғары репродукциялы шит өндірісін ширата тұседі деген үміт бар.
Т.ЖАСҰЗАҚҰЛЫ
«Мақтаарал» газеті, №40 2016