Ыстамбұлда терракт жасады деп айыпталған Қырғыз азаматы өзін ақтап шықты

/uploads/thumbnail/20170709192407198_small.jpg

Ыстамбұл қаласының түнгі клубтарының бірінде терракт жасады деп айыпталған Қырғыз жігіті өзіне тағылған айыпты мойындамай, өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды деп хабарлайды turmush.kg, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Яхья Машрапов атты Қырғыз азаматының жеке куәлігінің суретін Түркиядағы БАҚ өкілдері жариялап, лаңкесті іздестіре бастаған.

Алайда, Яхья Машрапов қазір Қырғызстанда жүргені анықталды.

Машрапов кеше, яғни 3 күні 7:00-де Түркиядағы «Манас» әуежайынан ұшып, таңғы 9 шамасында Бішкектегі Оша әуежайына келіп қонған.

Интернетте таралған ақпаратты көрген соң, Қара-Суу ауданындағы Қалалық ҰҚК қызметкерлері сол ауданда орналасқан Яхья Машраповтың үйіне барып, жігітті бөлімеше алып келіп, тергеуге алған.

Қазір Қырғыз азаматының Түркияда болған террактіні жасамағаны анықталды.

Яхья Машраповтың өзі болған жағдайға ешқандай да қатысы жоқ екенін баса айтты. Turmush порталының корреспондент мүшесімен болған әңгімеде Қырғыз жігіті Түркияға барған себептерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, осыған дейін де оны Түркиялық Құқық Қорғау Органдары тергеуге алғандығын айтқан.

«1 қаңтар күні Бішкек қаласынан Түркияға ұштым. Саудаға қатысты шаруаларымыды бітіріп, Ыстамбұл әуежайына тіркеу басталардан 2 сағат бұрын келдім де, тіркеуден өтіп, ұшаққа отырдым. Ұшуға 10 минут қалған кезде екі адам кіріп барлығымызды тексере бастады. Менің қасыма келіп, жеке куәлігімді көрсетуімді сұрады да, бірден ұшақтан түсіріп алды. Ұшақтан шыққан соң сыртта  полиция және әскери киімде тұрған 20 шақты адамды көрдім де, аң-таң болып, ештеңе түсінбедім. Маған бір жігіттің суретін көрсетіп, қайдан келгендігімді сұрай бастады.  Қаңтардың 1 күні келдім де, бүгін, яғни 3 қаңтарда қайтып бара жатырмын деп жауап бердім. Бір сағатқа жуық мені тергеуге алды. Сол себепті де, Бішкекке бағытталған ұшақ 1 сағатқа кешіккен болатын. Жаңа жыл түні Ыстамбұлдағы террактіге қатысты тергеуге алып жатқандықтарын маған түсіндіріп, ескертті де, кешірім сұрап, қайта ұшаққа отырғызып жіберд», - деді Қырғыз азаматы.

Сонымен қатар, Қырғыз жігіті Түркияда терракті жасады деген күдіктіні танымайтындығын айтты. «Терракт жасады деп айыпталған жігітті мен танымаймын, менің жеке куәлігімдегі сурет қалайша интернетке таралып кеткенін де түсінбедім. Өзім Қара-Суудың тумасымын, 2011 жылдан бері «Туратали» базарында саудамен айналысамын. 3 желтоқсанда Түркияда терракт болған кезде мен Қырғызстанда болатынмын. Ол қылмысқа менің қатысым жоқ. 2011 жылдан бері саудаға қатысты шаруаларыммен Ыстамбұлға жиі келіп тұрамын», - деп мәлімдеді Машрапов.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа жыл түнінде Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубында терракт болып, 39 адам өлтірілген болатын. Түркиялық БАҚ өкілдері терракт жасаған адам Қырғыз немесе Өзбек азаматы екенін растап отыр.

Связанные Статьи