Вьетнамда дәрігерлер пациенттің ішінен қайшы тауып алды

/uploads/thumbnail/20170709192410153_small.jpg

Вьетнамдық дәрігерлер пациенттің ішінен 1998 жылы ұмытылып кеткен қайшыны тауып алды.

Вьетнамда 54 жастағы Ма Ван Нят есімді ер адам 1998 жылы автокөлік апатынан кейін құрсақ қуысына ота жасатады.

Тек 18 жылдан кейін ғана Ван Няттың іші қайта-қайта ауыра бастап, ауруханаға көрінеді. Сол кезде дәрігерлер кезінде тоқ ішектің қасында ұмыт қалдырылып кеткен 15 сантиметрлік қайшыны тауып алады.

Пациенттің айтуынша, осы уақытқа дейін бөтен зат ағзасына қолайсыздық тудырмаған.

Қайшыны алып тастау үшін ота жасалып, ол үш сағатқа созылды. Ма Ван Нятқа ота жасаған дәрігердің айтуынша, ұзақ жыл бойы тұрғандықтан қайшының ұштары тот басып, ағзасына жабысып қалған екен, деп хабарлайды BBC.

 

 

Связанные Статьи