Қытай аквапарктерінің бірінде сұмдық оқиға орын алды деп хабарлайды life.ru. сайтының журналисі Сергей Асташев. Кішкентай бала анасымен бірге демалуға бассейнге барған. Анасының жанында болған бала жүзе алмай суға батып кетеді. Ұялысынан sms хабарлама жазып жатқан әйел баласының көмек сұрап шарқ ұрып жатқанын байқамай қалады. Хабарлама жазып болғаннан соң ол ұялыдан көз алмастан баласын басқа жақтан іздей бастайды. 4 жасар баланың өліммен арпалысы, анасының бейқамсыздығы видеобақылау камерасына жазылып қалған. Бір өкініштісі, кішкентай баланың үстінде суға батудан қорғайтын жилет те болмаған. Балалардың қауіпсіздігін қадағалайтын аквапарк құтқарушысы да сол кезде өз орнынан табылмаған.
Аталмыш видео адамның жүрегін ауыртып қана қоймай өкініштің өзегін өртейді. Ұялыға жіпсіз байланған мына заманда көптеген қайғы-қасірет те осы техникадан болып жатыр. Смартфон қаншама баланың өліміне себепші болды. Ұялы телефон жарылып жатыр. Ұялы телефонға телмірген ата-ана бала тәрбиесіне көңіл бөлмей кетті.