Қырғызстан парламентінің депутаты Өмірбек Текебаев мемлекет билігі «Боинг-747» ұшағының құлауына байланысты шындықты жасырып отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы kloop.kg хабарлайды. Өз ойын депутат парламент отырысында жариялады. «Ата-Мекен» фракциясының көшбасшысы ұшақ Қырғызстанға жүк тасымалдау үшін қону керек болған деп есептейді.
Текебаевтың сөзінше, Қырғызстанда түсірілу керек болған жүк контрабанда деп есептейді.
«Бұл контрабанда болатын. Қазақтар мен ресейліктердің бізге сенбейтіні дұрыс. Біздің құрлықтан және авиарейс арқылы тауар тасымалдайтын кемшіліктеріміз бар. Біздің азаматтарымыз құрбан болуына себепкер болған ол қандай жүк? Нені жасырып отыр? Біз бұны анықтауымыз керек», – деді ол.
Депутат контрабандалық тауардан пайда табатын адамдардың болуы мүмкін екенін айтып отыр. Ол ұшақтың құлауына кінәлілерді табу керек деп есептейді. Бұдан бұрын ұшақ техника мен телефондарды тасымалды деп айтылған болатын.