ДАИШ өкілі ретінде көрсетілген отандасымыз АҚШ-та лаңкестік бойынша айыпталды

/uploads/thumbnail/20170709195633516_small.png

Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында келісімге келгенін мойындады деп хабарлайды ria.ru.

21 жасар Нью-Йорк қаласында тұрған Ахрор Саидахметов билікпен ымыраға келсе де 15 жылға сотталуы мүмкін.

АҚШ прокуроры Роберт Кейперстің айтуынша айыпталушы Сирияға барып, ДАИШ террористік ұйымының жақтасы ретінде соғысу немесе АҚШ шекарасында теракт жасауды ойлаған.

2014-2015 жылдары Саидахметовпен бірге бір қылмыстық іс бойынша тергеуде жүрген Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоев екеуі Сирияға баруды жоспарлаған. Егер ол жүзеге аспаса автомат алып, полицейлерді атып тастауға бекінген. 2015 жылы Саидахметовты Нью-Йорктағы Кеннеди атындағы әуежайда Түркияға бару үшін ұшаққа отырмақ болған кезінде ұстаған. Журабоевты да дәл сол күні Түркияға  бара жатқан жерінен ұстады. Террористерге ақша жинауға әрекеттенгені үшін Өзбекстанның тағы бір азаматы Аброр Хабибовтің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. 

Связанные Статьи