Қытайда жасалған Сяо Нань есімді робот корреспондент 300 иероглифтен тұратын алғашқы мақаласын 1 секундта жазды. Мақала Southern Metropolis Daily таблоидында жарияланды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Forbes-ke сілтеме жасап хабарлайды.
Мақала Қытайдың жаңа жыл алдындағы пойыз сапарларының артуы туралы жазылған. Робот көлемді мақалаларды да, қысқаша шолуларды да жасай алады. Оның ерекшелігі өте қысқа уақытта сараптама жасай алуында. Бұл туралы Пекин университетінің профессоры Вань Сяоцзюнь мәлімдеді.
Алайда, робот журналист жұмысын толықтай атқаруға әлі дайын емес. Ол сұхбат ала алмайды, берілген жауаптарға байланысты сұрақтар қоя алмайды. Профессор Вань Сяоцзюнь Southern Metropolis Daily басылымымен роботты дамытуға арнаулы лабораториялық шарт жасасқан. Алдағы уақытта роботты құрастырушылар оның басылымдарға үлкен көмекші болатынына сенімді.