35 жастағы Индонезияның Сулами есімді тұрғыны сирек кездесетін – анкилозды (қозғалтпайтын) спондилит (Бехтерев ауруы) – омыртқа артриті ауруына шалдыққан. Бұл ауру оны денесін тақта сияқты қатты және иілмейтіндейтін етті.
Оның омыртқасы қозғалу мүмкіндігінен толығымен айырылған, деп хабарлайды Life.ru.
Суламидің жағдайы соншалықты ауыр, ол 90 жастағы әжесінің көмегіне жүгінуге мәжбүр.
35 жастағы қызды бамбук омыртқасы деп атайды. Соңғы он жылда ол не бүгіле алмайды, не отыра алмайды. Ол тек таяқтың көмегімен қозғала алады.
Ауру қыздың жағдайын тек физиотерапия, жаттығулар мен медитация ғана түзете алады.