Қашан шығатыны белгілі болған Samsung Galaxy S8 iPhone7-ден де қымбат болады

/uploads/thumbnail/20170709195654644_small.jpg

Оңтүстік Кореялық флагманның таныстырылымы 29 наурызда өтеді деп күтілуде.

Sumsung  компаниясы Galaxy S8  телефонын биылғы жылы наурыздың соңында таныстырады деп жазды News18. Ол құн жағынан өзінің америкалық бәсекелесі iPhone 7-ден де қымбат болады.

Болжам бойынша ақылды телефонның базалық моделі құны $850-ден басталады. Ал сатылымға 24-30 сәуір аралығынан бастап шығады.  

Телефонның мінездемесі туралы алдын ала ақпарат оның кіші моделі экраны 5,5 дюйм, үлкен экраны 6,2 дюйм болатындығы. Экран шеттері қисық болады. Смартфон процессоры Snapdragon 835. Түсірілім камерасы  12 және 8 мегапиксел. Ал,  Galaxy S8 Plus болса қос камералы болады.  

16 қаңтарда интернетте Samsung Galaxy S8 делінген гаджеттің суреті таралды. Мамандар суреттің шынайы екенін айтуда. Фотодан көрінетіндей гаджет корпусы металл. Ал, экраны қисық жақтауға ие.

Бұған дейін тараған ақпараттарда гаджет ақпан айында MW2017-ден бұрын таныстырылады делінген. Mobile World Congress (ең ірі мобильдік индустрия көрмесі және ұялы байланыс операторлар, әр түрлі контент сатушылар мен иелер қатысатын конгресс) 27 ақпанға жоспарланған. 

Связанные Статьи