«Біз халықтан ештеңені жасырмаймыз. Жасырудың қажеті жоқ. Айтарлықтай ештеңе болмады. Бірақ Белоруссияға әкелінетін ресейлік мұнайдың қысқаруы басқа балама нұсқалармен алмастырылуы қажет» деді Белоруссия президенті Александр Лукашенко.
Оның сөзінше аталмыш мәселе өткен жылдың соңында талқыланған деп хабарлайды rt.com. Ал кейбір баламалы нұсқалар тәжірбие жүзінде белорусстік мұнай өндіруші зауыттарға Қара және Жерорта теңіздерінен әкелінетін мұнайда сыналып көрінді.
Бұған дейін Ресейдің Белоруссияға бірінші тоқсанда жеткізілетін 4,5 миллион тонна мұнайы 4 миллионға қысқартатынын хабарланған.