Бензин тапшылығын тудырған вице-министр қызметінен босатылды

/uploads/thumbnail/20171010113931729_small.jpg

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап  хабарлайды. Отырыс барысында Үкімет басшысы вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты. «Вице-министрлерге қатысты құзірет өзімде. Сондықтан мен вице-министр Әсет Мағауовқа қатысты оны лауазымды қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Кеңсе бүгін Үкіметтің сәйкесінше шешімін қабылдасын», - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Связанные Статьи