Бүгінде сұрақ қойып, қазақша жауап алуға мүмкіндік беретін веб-сервистік сайт, қазақ тіліндегі ең табысты медиа стартап «Бәрі бар» сайтының құрылғанына 7 жыл толды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сайтты Ербол Серікбай жалғыз өзі іске қосқан. Ал сайттың жұмыс істеу принципінің ерекшелігіне тоқталар болсақ, бұл жерде қойылған сұрақтарға компьютер емес, сайт қолданушылары жауап береді. Қолданушылар қалаған сұрағын қояды, жауап та береді тіпті берілген жауапқа байланысты өз ойын білдіре алады.
Сайттың тарихына үңілер болсақ, сайт бастапқыда Surak-zhauap.kz деген атаумен шықса, артынша szh.kz деп өзгертілді. 2016 жылы сайтқа Жаңалықтар бөлімі енгізілді. Ал 2017 жылы сайттың атауы baribar.kz деп өзгертілді.
Бүгінгі таңда қолданушылар арасында сайт үлкен сұранысқа ие. Zero.kz қазақстандық сайттар рейтингісі бойынша үздік бестіктің ішінде тұр.