Бензин нарығын реттей алмаған «ҚазМұнайГаз» вице-президенті қызметтен кетті

/uploads/thumbnail/20171010114928315_small.jpg

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «ҚазМұнайГаз» вице-президенті Данияр Берлібаевты қызметінен босатты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап  хабарлайды.

Үкімет басшысы ұлттық компания вице-президенті елдегі бензинге қатысты ахуалды реттеуде өзінің міндетін орындай алмағандығын баса айтты. «Премьер-Министр және «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайгаз» басқармасы төрағасына сөгіс түріндегі тәртіпті жазаны белгілеу бойынша шараларды белгіленген тәртіппен қабылдауды тапсырамын. Сонымен қатар өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдау қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Связанные Статьи