«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинары өтеді

/uploads/thumbnail/20171005131547831_small.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 20-шы қазанда «Мемлекеттік  тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация»  республикалық семинарын өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.Қ Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне өтудің маңыздылығын талқылап, оқу-әдістемелік шаралар мен жұмыстарды бағдарлау.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының  мамандары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі ғалымдар тілдің өзекті мәселелері жайында баяндама жасап, әдіскерлер үздік сабақ үлгілерін көрсетеді. 

Связанные Статьи