АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Солтүстік Кореяға барып, ел басшысы Ким Чен Ынмен кездесуді жоспарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
1994 жылы басшылықта Картер болған уақытта АҚШ пен КХДР арасында алғашқы ядролық дағдарыстан шығатын Женева келісіміне қол қойылған.
«Джимми Картер Солтүстік Кореяның басшылығымен кездесуді қалайды», - деп келтірді «Чунан ильбо» газеті Картермен кездескен Джорджия штаты университетінің профессоры Пак Хан Сиктің айтқанын.
Айта кету керек, 1950-1953 жж. Корей соғысындағы келісімге қол қойылғаннан кейін бүгінде КХДР мен АҚШ-тың арасы шиеленісіп тұр. Соңғы уақытта Вашингтон мен Пхеньян арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне КХДР-дың ядролық зерттеулерді тоқтатудан бас тартқаны себеп болды.