Депутаттар Қазақстанда нан күнін тойлауды ұсынды

/uploads/thumbnail/20171206130955390_small.jpg

Депутаттар Италиядағы қызанақ күні мен Германиядағы сыра күні сияқты Қазақстанда нан күнін тойлауды ұсынды. Парламент фракциясының мүшелері яғни,  "Халық коммунистері" Қазақстанда нан күнін тойлауды ұсынды. Бұл ұсынысты парламенттің төменгі палатасының мәжілісмені Владислав Косарев ұсынды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сүйеніп жазады. 

Депутаттық ұсыныс ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа, ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке және мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына бағытталалды. Депутаттардың ойынша, бидай өсіріп, нан пісіретіндердің ауыр еңбегі тиісінше бағасын алған емес. Сол себепті нан мейрамы күні түрлі нан жәрмеңкелері мен оны халыққа тегін тарату сияқты іс-шаралар өткізілуі керек. 

 

Связанные Статьи