АҚШ-тың Калифорния штаты отқа оранды. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, 38 мың адамды қауіпсіз жерге көшіруде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алапат өрт 150 ғимаратты күлге айналдырған. 300 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Болжамға сәйкес, аймақта өрт қаупі аптаның соңына дейін сақталады. Бұған дейін қызыл жалын Калифорнияны қазан айында шарпып, 100 мыңдай тұрғын эвакуацияланған.
Соңғы мәліметке сәйкес, 43 адам қаза тапты. Ал өрт салдарынан келген шығын 3,3 млрд доллардан асты.