Нұрлан Сауранбаев Шымкент қалалық мәслихатының XXIII сессиясына қатысты

/uploads/thumbnail/20171213170501499_small.jpg

Шымкентте Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Депутат Ерболат Нұрмаханов төрағалық еткен сессия жұмысында екі мәселе қаралдыдеп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетін нақтылау мәселесі бойынша баяндама жасады.

Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, қала бюджетінің көлемі 4 млрд 110,8 млн теңгеге ұлғайтылып, жалпы 131 млрд 232,7 млн теңгеге жетіп отыр. Ал аталған өзгерістер тұрақты комиссияларда талқыланған.

Айта кетсек, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша білім, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, инженерлік-коммуникациялық жобалар бойынша қосымша қаржы қаралуда.

Сондай-ақ, облыстық бюджет трансферттері 408,9 млн теңгеге артқан. Негізінен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім бөліміне қосымша қаржы қаралып отыр.

Жиында №22 округтен сайланған қалалық мәслихаттың депутаты Рамазан Сейдахметұлы Бектұрғанов тұрақты комиссия мүшелігіне сайланды.  

Сонымен қатар , қала әкімі Нұрлан Сауранбаев мәслихаттың сессиясына алғаш рет қатысты. Жиында сөз алған шаһар басшысы қаланың дамуына  алда бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Связанные Статьи