Шымкентте тағы бір цех ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Химфарм» акционерлік қоғамы қатты дәрілер шығаратын құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жобаны кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асыруда. Ал жаңадан негізі қаланған цех жылына 20 млн қорап дәрі шығаруға қауқарлы.
Жоспар бойынша жаңа цехте өндірілетін өнімнің 80%-ы ішкі нарыққа, қалған 20%-ы экспортқа жіберіледі.
Айта кетсек, жаман талабына сай құрылғылармен жабдықталған цехта 72 адам жұмыс істейді. Мамандар басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Зауытта осымен төртінші цех ашылып отыр.