Баян Алагөзова продюсерлік еткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалы «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді. Сериал экранға шыққанда көрермен оны сынға алған еді. Баян Алагөзовадан аталмыш телевизиялық жобаға кеткен қаржыны қайтаруды талап еткендер болды. Оның ішінде әнші Меруерт Түсіпбаева да бар. Продюсер өзінің инстаграм парақшасына сериалға қатысты сынға жауап берді.
Оның айтуынша тарихи сериалға 54 миллион теңге бөлінді. Әр серияға 9 миллион кеткен. 22% салыққа төленді. Өндіріске 7 миллион $21 000 қалған. Баян Алагөзова бөлінген қаржы жетпегендіктен өз қалтасынан 13 миллион теңге шығарғанын жазды.
«$21 000 мен қалай кино түсіруге болатынын тек кино мамандары ғана түсінеді. Әрине мүмкін емес, бірақ біздің қолымыздан келді. Мен түсірілім тобының жұмысын мақтан тұтамын. Ал Мерует Түсіпбаеваға келер болсақ, Меруерт, өз жобаларыма шақырмағаным үшін кешір. Сенің актерлік шеберлігің және қалай ән айтатының ұнамайды» деп жазды продюсер.