Орыстың ұлы жазушысы Чеховтың өлімі жайлы жаңа деректер шықты

/uploads/thumbnail/20180106111950703_small.jpg

Орыстың ұлы жазушысы Антон Чехов миныа қан құйылып ажал құшқан. Британдық жазушылар осындай қорытындыға келді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жазушы 1904 жылдың 15 шілдесінде Германиядағы Баденвайлер курорттық аймағының қонақүйінде жан тәсілім еткен. Бұған дейін жұрт Чехов жүрек талмасы ұстап қайтыс болды деген ақпарға сеніп келді. Сондай-ақ туберкулез ауруына шалдыққан деген болжамдар да айтылды.

Ұлыбритания ғалымдары жазушының жейдесін химиялық сараптамаға жіберіп, өлімінің нақты себебін анықтады. Жейдеге туберкулездің бактериясынан басқа ақуыз заттың бары анықталды. Зерттеушілердің айтуынша, жазушының қан тамырлары бітеліп, миына қан кеткен.

Айта кетейік, 2017 жылдың жазында өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша Антон Чехов ресейліктердің ең сүйікті жазушыларының тізімінде көш бастады.

Связанные Статьи