2018 жылғы қаңтар Азиялық антициклонының ықпалынан, аз қарлы және суық болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет болжауына сілтеме жасап хабарлайды. Елдің көп бөлігінде температуралық фон көпжылдық орташа мәннен 1…2°С төмен болады деп болжанады.
ек біздің республиканың батыс және шеткі оңтүстік аймақтарында температуралық фон нормаға жуық болады деп күтілуде. Ай ішіндегі жауын-шашын мөлшері батыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормаға жуық күтіледі.