Қытай Иранның ішкі жағдайына АҚШ-тың араласпауын талап етті

/uploads/thumbnail/20180106155104796_small.jpg

Қытайдың БҰҰ жанындағы өкілінің орынбасары  У Хайтао Ирандағы жағдай ешқандай қауіп тудырмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранның ішкі саясатына араласпауы тиіс. Елдегі адам құқығы мәселелірі осыған қатысты"-, деп мәлімдеді У Хайтао.

Қытай Ирандағы жағдайдың реттелетініне сенімді әрі үміт артады. Иранның мәселелерін БҰҰ-ның қарастыруы міндетті емес дейді ол.

Айта кетейік, Иранда  28  желтоқсанда үкіметке қарсы шерулер өткен. Ереуіл қатысушылары бағаның өсуі мен мемлекеттегі ұйымдардың  күйреу мәселелеріне қарсы шыққан. Нәтижесінде қақтығыстар салдарынан 45  адам қаза тауып, 450 адам ұсталған.

Связанные Статьи