Ит тірлік – ауыл жағдайы.
Ит қырылған жыл – қазақтың қалмақтарды жеңген кезі.
Ит өлім – қаңғыбастың о дүниеге аттануы.
Итшілеу – базар, вокзалда тәшкі сүйрету.
Иттей болу – пәтер жалдау.
Иткөздену – кіндігін ашып жүретін қыздарға қарау.
Ит мінез – бастықтардың болмысы.
Ит өлген жер – шалғайдағы ауылдар.
Иткүрке – саяжай.
Ине жұтқан иттей күн кешу – жатақхана студенттерінің аш қарын жүруі.
Итсигек – дәретхана.
Италақаз – Америка құрама штаттары.
Итмұрын – жерді «тіміскілеген» геолог, археологтар.
Итбалық – водолаз.
Ит-құс – шетелдік инвесторлар.
Итжанды – кедей және қайыршылар.
Итаяқ – статистика.
Ит терісін басына қаптау – Мұхтар Шахановтың ана тілінен мақұрым қазақтарды сынауы.
Итжейде – өлшеп сатылатын арзан киімдер.
Иттіс – соғысқұмар президенттердің азуы.
Ит қорыған жерге өш – жезөкшелер жайлаған көшелер.
Итжеккен – «Жетім бұрыш».
Ит жоқта шошқа үреді – Қазақстандағы орыс тілінің үстемдігі.
Ит итті, ит құйрығын жұмсайды – бір тапсырманы облыс басшысы аудан әкіміне, ал аудандікі ауыл әкіміне береді.
Аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты – темекі шегіп тұрған адам.
Итше ырылдасу – айтыс өнеріндегі ақындардың сайысы.
Ит пен мысықтай – билік пен оппозицияның арақатынасы.
Итім білсін – «жұбайым білуі тиіс».
Ит сілікпесін шығару – айықтырғыштағы мастардың «қалтасын қағу».
Ит байласа тұрғысыз – моноқалалар.
Ит үреді, керуен көшеді – БАҚ сынынан шенеуніктер нәтиже шығармайды.
Үйдің кішісі болғанша, иттің күшігі бол – Шешенстанға шабуыл жасаған Ресейдің талабы.
Үйкүшік – Өскеменге қосылған Семей мен Қостанай қарамағындағы Торғай.
Күшік күйеу – тәуелді мемлекет.
Сүтке тиген күшіктей – жұмыссыз қалған адам.
Итаршы – саяси өкілдер.
Итшана – министрлік жетегіндегі агенттік, департаменттер.
«Кет!» дегенде ит те кетеді – Желтоқсан көтерілісінен кейін Колбиннің тақтан таюы.
Иттен де жаман – Сталин.
Итше ұлу – кейбір эстрада «жұлдыздарының» сиқы.
Ит жылы – айтпаса да түсінікті ғой.
Еркеғали БОЛАТҰЛЫ