Краснодар қаласында көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлады

/uploads/thumbnail/20180310181548301_small.jpg

Ресейдің Краснодар қаласында көпқабатты тұрғын үйдің екі қабатының қабырғасы құлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігінің дерегіне сүйеніп. Тұрғын үйдің құлауына газ баллонының жарылуы себеп болған. Зардап шеккендердің саны алты адамға жетті.

«Қазір жарақат алған 6 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде 2 бала бар. Зардап шеккендердің жарақаттары ауыр емес», - дейді агенттікке ақпарат берген адам.

«Сағат 10:20-да тұрғын үй қабырғысының құлағаны туралы ақпарат түсті. Қабырға бірнеше жерден құлап, шатыр бөліктері қирады. Өрт шыққан жоқ. Төртінші бесінші қабат аралығындағы баспалдақ алаңшасы бүлінді. Адам өлімі тіркелген жоқ»,-деп хабарлайды жергілікті ТЖМ баспасөз қызметі.

Связанные Статьи