«Томиристің бала кезіндегі бала кезіндегі рөлін сомдайтын актрисаның кім екені белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Томирис» фильмінің режиссері Ақан Сатаев өзінің Инстаграм парақшасына жазды.
Режиссердің айтуынша, бала кезін сомдауға екі қыз таңдалыпты. Массагеттер ханшайымының 10 жастағы кезін Лия Фомина, ал 15 жасар Томиристі Салтанат Серкебаева сомдайды.
Сонымен бірге Томиристің 3 және 5 жастағы кезін сомдайтын қыздарды таңдау үшін кастинг әлі жалғасып жатыр. Жалпы Томиристің бала кезіндегі рөліне 12 мың сұраным түскен.