«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда 06 сағат 19 минут 19 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 459 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.5. Тербелісі - 4.0. 5 шақырым тереңдікте болған жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.