Бүгін Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның ғимаратында 7 жастаға ОҚО тұрғынына қатысты конференция өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оған заңгер Бауыржан Азанов, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова, қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықов қатысты.
Конференцияда сөз алған заңгер Бауыржан Азанов зорланды деген баланың ісінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілген болуы мүмкін екенін жасырмады.
Бұған дейін заңгер бала мен әжесімен байланысқа шыға алмай отырғанын және баланың әжесі екі ай бұрын ОҚО ІІД шағым түсіргенін, алайда сол уақыт аралығында тексеру жұмыстары жүргізілмегенін айтқан болатын.