2017 жылы салынған инвестициялар көлемі 639,9 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Алматы қаласының Статистика департаментінің басшысы Бағлан Абайбекұлының айтуынша, 2017 жылғы 12 ай бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 314,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 3%-ға артық (ҚР – 3480,9 млрд. теңге, НКИ – 101,9%).
2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1902,3 мың ш.м. немесе 102,1% (одан жеке құрылысшылар салған есебінен 447,8 мың ш.м. немесе 52,8%).
2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 639,9 млрд. теңге құрады немесе НКИ 104,1% (оның ішінде: сыртқы – 91,6 млрд. теңге, НКИ – 111,1%, ішкі – 548,3 млрд. теңге, НКИ – 103%.).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың республика көлемінде қалалық үлесі 7,3% құрайды.
Жеке инвестициялар едәуір үлесті (76%) құрайды немесе 486,4 млрд. теңге (меншікті қаражаттар есебінен (102,8%) және басқа да қарыз қаражаты есебінен (177,1%) өсу байқалады).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 110,7% (үлесі - 13,6%,); көлік және қоймалау – 163,8% (үлесі - 13,6%), білім беру – 171,4% (үлесі – 4,8%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 260,1% (үлесі – 3,3%) салаларында байқалады,-деп баяндады департамент басшысы.