«Байқоңыр» ғарыш айлағында 2023 жылы Ресейдің «Роскосмос» мен Қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін іске қосылатын «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруға арналған кешен жабылады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы халықаралық келісімге сәйкес «Протон» ғарыш зымыран кешенінің жұмысын тоқтату жоспарланып отыр. Осыған байланысты 2023 жылға қарай 81 учаскесінің №24 ұшыру алаңын іске қосу жоспарлануда», - деп атап өтті барлық ресейлік космодромдардың жұмысына жауапты Ғарыштық инфрақұрылым объектілерін пайдалану орталығы.
Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон» зымыранының жұмысын толығымен тоқтату 2025 жылға жоспарланған.